Бас жаңалықтар
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды
12 Сәуiр 2021, 20:51 279

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімдері мен бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, оларды шартты дағдарыс ауданына жеткізу ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.


Оқу-жаттығуға Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері жұмылдырылған. 
Оқу-жауынгерлік тапсырмалар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен қоса жүзеге асырылады. Оқу-жаттығуда Қарулы Күштерден 1500-нан астам әскери қызметші, кемелер мен авиацияны қосқанда, екі жүзге жуық әскери техника қатысады, - делінген ақпаратта.

«Қалқан-2021» 2021 жылдың 17 сәуіріне дейін жалғасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...