Бас жаңалықтар
Маңғыстауда қызметін заңсыз жүзеге асырған букмекерлік кеңсе анықталды
15 Тамыз 2020, 14:42 268

Маңғыстауда қызметін заңсыз жүзеге асырған букмекерлік кеңсе анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында "InBet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

13 тамыз сағат 21.30-да Мұнайлы ауданының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында тәртіп бұзушылық фактісін анықтады. 

Букмекерлік кеңсе өз қызметін заңсыз жүзеге асырған. Полиция айғақ зат ретінде сегіз монитор, жеті жүйелік блок, екі теледидар және бір кассалық аппарат тәркіледі. Осы факті бойынша жиналған материал Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді, - делінген ведомство мәліметінде.

Фото: дереккөз
Загрузка...