Маңғыстауда І және ІІ деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 науқас емделуде

31 Қазан 2020, 07:33
1037
Бөлісу:
Маңғыстауда І және ІІ деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 науқас емделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда 30 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Басқарма мәліметінше, сол 72 науқастың ішінде 7-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 7 науқас жатыр. Оның 5-еуінің жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр халде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 33 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

 


Өзгелердің жаңалығы