Маңғыстауда мерекелерге орай полицейлер марапатталды

7 Мамыр 2021, 18:03
2593
Бөлісу:
Маңғыстауда мерекелерге орай полицейлер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда мерекелерге орай полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Алтынбек Қалиев 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр Жеңіс күні мерекелері қарсаңында бірқатар қызметкерді марапаттады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге ие болып, лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін А.Қалиев кезекті арнаулы атағы мерзімінен бұрын Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қалдымұрат Айғарақовқа, ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұртас Ешмановқа, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Ербол Қыдырға «полковник» атағын, ПД Патрульдік полиция ротасының аға қызмет инспекторы полиция капитаны Абусейт Шахатовқа «майор» шенін табыстады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінң бастығы полиция подполковнигі Нұржан Махмутовқа бұйырды. «Ішкі істер органдарының үздігі» I дәрежелі төсбелгісімен ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Күмісай Жалғасбаева, «Ішкі істер органдарының үздігі» II дәрежелі төсбелгісімен полиция аға лейтенанты Дархан Умешов, полиция майоры Ақтаубек Мусабаев, полиция аға лейтенанты Арман Қалжанов, полиция капитаны Мақсат Садақбаев және полиция майоры Мұрат Мейірбеков марапатталды.

ІІМ Құрмет грамотасымен Ақтау қаласы ПБ КПБ кіші жедел уәкілі полиция старшинасы Амандос Ұлмағамбетов марапатталды. ІІМ Грамотасымен полиция майоры Асылбек Куженов, полиция аға лейтенанты Бауыржан Хыдыров, полиция майоры Нұрбек Құтмұханов, полиция аға лейтенанты Садықов Магамедшафи сынды қызметкерлер ие болды. 

Бірқатар полицейге алғыс жарияланды. Олар: полиция аға лейтенанты Сәкен Шигирбаев, полиция аға сержанты Қыдыр Мункеев, полиция аға сержанты Қамбар Қадырбаев.

Өзгелердің жаңалығы