Бас жаңалықтар
Маңғыстауда найзағай тұрғын үйдің шатырын қиратты
PHOTO VIDEO
15 Тамыз 2020, 15:13 292

Маңғыстауда найзағай тұрғын үйдің шатырын қиратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында тұрғын үйдің шатырына найзағай түскен, деп хабарланды "Лада" сайтында.

photo_331095.jpeg

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 08:20-да болған. Найзағайдың қатты түскені соншалық Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласындағы Қожабеков көшесінде орналасқан үйдің төбесін қиратып жіберген.

Суреттерге зер салсақ, электр бағаны да құлап кеткен.

49e7604486ed0f85bf4a6acaa8a91d22.jpeg

Оқиға орнына облыстың ТЖД қызметкерлері барды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жауыннан кейін жиналып қалған суды жинайтын ассенизатор іске қосылды, - делінген Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: дереккөз
Загрузка...