Бас жаңалықтар
Маңғыстаулық келіншек күніне 2 мыңға жуық кір сабын өндіруде
23 Қазан 2020, 07:17 123

Маңғыстаулық келіншек күніне 2 мыңға жуық кір сабын өндіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық келіншек кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын жасап отыр.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығұлова Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының Бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысады. 

Басында Гүлзия балаларға арналған аттракцион ашуды жоспарлаған. Алайда, оқу барысында маркетингілік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп, ойын өзгертеді. Нарықты зерттей отырып, сұранысқа ие кір сабын жасау бизнесіне тоқталған. Қажетті құрал-жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. 

Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық сабын шығарып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізеді. 

Менің бір айдағы таза табысым 100 мың теңгеге дейін жетеді. Ендігі жоспар - кір сабынды кептіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алу. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады, - деді Гүлзия Қойлығұлова.

Фото: дереккөз
Загрузка...