Бас жаңалықтар
Маңғыстаулық шопан "Еңбек даңқы" орденімен марапатталды
PHOTO
12 Желтоқсан 2019, 15:21 4358

Маңғыстаулық шопан "Еңбек даңқы" орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық шопан Есет Өтесовке ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденін табыстады. 

Аталған мемлекеттік наградамен Ақмола облысындағы "Хлебороб" ЖШС механизаторы Марат Боранбаев, Тараз қаласындағы "ҚТЖ-Жүк тасымалдау" АҚ "Жамбыл бөлімшесі" Жамбыл пайдалану локомотив депосының вагон қараушысы-жөндеуші Николай Хомутенко және Маңғыстау облысы "Жайлау" ЖШС бас шопаны Марат Боранбаев марапатталды.

image-12-12-19-04-08-3.jpeg

Айта кетсек, мемлекет басшысы Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыстады.

image-12-12-19-04-07-4.jpeg

Қазақстан президенті бүгін "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, "Отан" ордені, І дәрежелі "Барыс" ордені, ІІ дәрежелі "Барыс" ордені,  ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, "Парасат" ордені, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, "Құрмет" ордені, ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені, ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттады. 

image-12-12-19-04-08-4 (1).jpeg

Марапат алған тұлғалардың арасында Роза Рымбаева, Илья Жақанов, Сауытбек Әбдрахманов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Димаш Құдайберген бар. Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз.

Сонымен қатар, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетовтің қызы София Тасмағамбетоваға "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...