Мас күйінде көлік жүргізген 24 жастағы жүргізуші ұсталды – Өскемен

3 Наурыз 2021, 23:44
1748
Бөлісу:
Мас күйінде көлік жүргізген 24 жастағы жүргізуші ұсталды – Өскемен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі де болмаған, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Өскемен қаласы Карбышев көшесінде жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін «Mitsubishi» маркалы автокөлігін тоқтатқан. 24 жастағы жүргізуші фаралардың жақын шамын қоспаған.

Тексеру кезінде жүргізушінің сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы, сондай-ақ әңгімелесу барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны анықталды. Осылайша оны медициналық куәландыру үшін наркологиялық диспансерге жеткізді.

Қорытынды жүргізушінің «орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде» екенін көрсетті.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 


Өзгелердің жаңалығы