Маска төңірегінде орынсыз дүрлігіп, ажиотаж туғызудың қажеті жоқ – министр

20 Ақпан 2020, 16:28
2558
Бөлісу:
Маска төңірегінде орынсыз дүрлігіп, ажиотаж туғызудың қажеті жоқ – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық маскалар төңірегінде орынсыз дүрлігіп, ажиотаж туғызбауды сұрады. 

Қазақстанда медициналық бетперделердің қосымша қоры бар, жеткілікті. Оның айтуынша, Қытай еліне белгілі бір материалдарды, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарын экспорттауға тыйым салынды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге дәріханалардағы жағдайды қадағалап отырмыз. Іркілістер әртүрлі аймақтарда байқалады, себебі бұл коммерциялық орта. Біздің кейбір кәсіпкерлеріміз байыбына бармай нарықтағы ауқымды маскалар партиясын дистрибьюторлардан және тіпті дәріханалардан сатып алып, оларды қажеттілігі өте жоғары Қытайға жіберу үшін сатып алуды бастағанын байқап, алаңдаушылық тудырды. Қытай да оған кедергі келтірмеуімізді сұрап, бізбен байланысқа шықты. Олар бетперделерді өздері алған жағдайда, оған араласуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі бұл заңсыз болар еді, - деп айтты денсаулық министрі Елжан Біртанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Ол маскалардың қосымша көлемі санитариялық қызмет пен медициналық ұйымдардың қажеттіліктері үшін сақталғанын, яғни қорда бар екенін жеткізді.

Осы тұрғыдан алғанда, алаңдаушылық жоқ. Маскалардың қосымша қоры бізде бар. Шикізаттың өзі Қытайда тігіледі. Қытай еліне белгілі бір материалдарды, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарын экспорттауға тыйым салынды. Бұл нарықта әжептеуір сезіледі. Жасанды ажиотажға жол берудің қажеті жоқ. Білесіздер, медициналық маскалар тек науқас адамдарға қажет, - деп айрықша атап өтті министр. 

Ведомство басшысы егер азамат карантиндік объектіде болса ғана маскалар қажет екенін айтты. Ал, көпшілік жүретін қоғамдық орындарда маскалар науқас, сырқаттанып қалғандарға ғана қажет.

Тұрмыстық маскалар жеткілікті мөлшерде бар. Тәуекелдерді жою үшін олардың шет елдерге кетпеуі үшін экспортты жүзеге асыруға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Жыл бойы қажетті қаражатсыз қалмауы үшін көптеген елдер қорғаныс нормаларын енгізіп, экспортқа тыйым салып отыр, - деді Елжан Біртанов.
Өзгелердің жаңалығы