Бас жаңалықтар
Маска киюді арнайы жасақ қадағалайды
06 Наурыз 2021, 20:45 512

Маска киюді арнайы жасақ қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда нысандардағы әлеуметтік қашықтық пен маска тәртібін арнайы патруль қадағалайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Санитарлық жасақ 9 наурыздан бастап жұмысқа кіріседі.  

Алматы үш күн бұрын «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті. Өткен тәулікте 135 тұрғыннан коронавирус анықталды. Дегенмен, санитарлық талапты сақтаған сауда орындары мен базарлар жұмысын жалғастыра береді - делінген қаулыда.

Алматы қаласында үйде немесе қоғамдық тамақтану орындарында топтық іс-шараларды ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынған.  

Бұдан бөлек,  боулинг-орталықтарына, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, лото және ойын клубтарына, букмекерлік кеңселерге, жабық ғимараттарда орналасқан ойын алаңдары мен аттракциондардың, оның ішінде спорт нысандарында орналасқандарын қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу туралы жаңа тәртіп енгізілді. 

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының қатарына кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет. 

Ұлттық құрамалар мен клубтық командаларға спорттық жаттығу өткізу үшін рұқсат берілді. Бірақ 30 адамнан аспауы керек және спорттық базаларда жаттығу кезінде ара қашықтық сақталуы қажет.

Маскалық режимді және кемінде 1,5 метр ара қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат етіледі.

Егер жиналыстарды (кеңестерді) қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оффлайн форматында өткізуге рұқсат беріледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...