Бас жаңалықтар
Масканың коронавирус пандемиясындағы пайдасы бағаланды
29 Қазан 2020, 03:45 192

Масканың коронавирус пандемиясындағы пайдасы бағаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулықты бағалау және көрсеткіш институтының (IHME) ғалымдары алдағы айларда медициналық масканы кеңінен қолдану бір ғана АҚШ-тың өзінде 130 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалатынын анықтады. Бұл туралы Nature Medicine журналындағы мақалада айтылады.

Сондай-ақ COVID-19 вирусын тежеудің басқа да шаралары, соның ішінде әлеуметтік арақашықтық сақтау айтарлықтай пайда әкелмейді және өлім саны 2021 жылдың ақпан айының соңында 511 мың адамға жетіп, екі есе артуы мүмкін делінеді.
 
Зерттеушілердің айтуынша, маска кию бойынша ұсыныстарды сақтау көрсеткіші 85 пайызды құраса да, шын мәнінде құтқарылған адамдардың саны 95 мыңнан асады. Осылайша, маскалар SARS-CoV-2 сияқты респираторлық вирустардың таралуын едәуір төмендетіп, COVID-19-дың таралуын шектейді. Есептеулерге сүйенсек, қыркүйек айында АҚШ-та маскала қолданудың орташа ұлттық көрсеткіші шамамен 50 пайызды құрады.

АҚШ-та COVID-19 алғашқы расталған жағдайдан бастап, 2020 жылдың қаңтарында бүкіл ел бойынша шамамен 8,4 миллион адам вирус жұқтырса, 223 мыңнан астам адам қайтыс болды. Шілде айының ортасында IHME модельдерін жасаушылар 1 қарашаға дейін коронавирус 224 мың адамның өмірін қиюы мүмкін деп болжаған еді.

Вакцина жоқ кезде маска кию, әлеуметтік арақашықтық, өзін-өзі оқшаулау және байланыс жасаған адамдарды бақылау сияқты фармацевтикалық емес шаралар, әдетте пандемияға қарсы тұрудың ең тиімді құралы болып табылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...