Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

15 Мамыр 2021, 07:35
1600
Бөлісу:
Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді.

17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.

17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан – тақ күндері, Достық станциясынан – жұп күндері аттанады.

20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды: жексенбі және бейсенбі күндері. Нұр-Сұлтаннан – дүйсенбі, ал Достықтан – жұма күндері жүреді.

Бұдан бөлек, курорт аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы