Бас жаңалықтар
Майк Тайсон қайта оралуы мүмкін
22 Мамыр 2020, 19:27 354

Майк Тайсон қайта оралуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған Майк Тайсонның рингке оралуын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

WBC президенті "Темір Майк" боксқа оралған сәтте ұйымның рейтингіне қосуға әзір екенін айтты:

Майк Тайсон аса ауыр салмақта әлемнің ең жас чемпионы болған. Енді ең қарт чемпионы болуы да әбден мүмкін. Ол өте талантты ұлы тұлға. Ол спорттың, WBC-дің бейнесі. Тайсонның жасына қарамай кез келген қарсыласын бір соққымен сұлататын күші бар. Сол себепті біз оған тек қолдау көрсетеміз. Бәріміз оның шаршы алаңға оралуын асыға күтеміз. Оның үстіне көрмелік жекпе-жек өткізу емес, лицензияны талап ететін кәсіби боксқа оралуды ойлап отыр. Оның арманына кедергі келтіргім келмейді. Егер ол оралып, рейтингіге ілінгісі келсе тек қолдау көрсетемін. Оған WBC рейтингінен орын дайын, – деді Маурисио Сулейман BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...