Мекеме басшысы бюджет қаржысын ұрлағаны үшін 3 жылға сотталды

4 Желтоқсан 2019, 09:47
2371
Бөлісу:
Мекеме басшысы бюджет қаржысын ұрлағаны үшін 3 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.М.Ағеділовке қатысты Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жалдамалы тұрғын үйге және мемлекеттік мекеме үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген жалпы көлемі 2 млн 779 мың теңгені құрайтын бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу амалдарын жүргізген, - делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 3 желтоқсанында Бөрлі аудандық соты Д.М.Ағеділовті кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Өзгелердің жаңалығы