Мемлекет басшысы Дархан Қалетаевты қабылдады

24 Ақпан 2020, 19:15
1039
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Дархан Қалетаевты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Қалетаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қалетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы