Мемлекет пен ҮЕҰ арасында шарттылық мәселе көп – Қожахмет

12 Тамыз 2020, 11:43
2297
Бөлісу:
Мемлекет пен ҮЕҰ арасында шарттылық мәселе көп – Қожахмет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынаста шарттылық мәселелер көп. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет "Азаматтық сараптама" онлайн платформасында өткен брифингте айтты.

Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселе "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" құрылғалы айтарлықтай өзгерді. Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынаста шарттылық мәселелер көп. Бюджеттік заңнама болсын, өзге саладағы мәселелер кейбір үрдістің ашықтығы пен тиімділігіне әсер етті. Себебі, бюджеттік саясатты қалыптастыруда бір әдіс, үкіметтік емес ұйымдардың қажеттілігі басқа әдіске сүйенеді. Сондықтан бұл келіспеушілік сенімсіздік пен түсініспеушілікке алып келді деп ойлаймын, - деді Мадияр Қожахмет. 

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір жұмыс істеу әдістері өзгеріп жатыр. 

Қазір алдымен тұтынушының қалауын тыңдап алған соң саясатты қалыптастыруды жүзеге асыру қолға алынады. Себебі, министрлік бұл мәселені шешуге бірнеше рет тырысты. Азаматтық форумдар да ұйымдастырылды. Онда осы мәселелер талқыланды. Қазіргі жағдайды алсақ, грант пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілуде. Біріншіден, грант беру тәртібін өзгерту. Бұл мәселе қазір кеңінен талқыланып жатыр. Жоба бұйрығы қазіргі пікірлер бойынша жүзеге асырылады. Екіншіден заңнамалық өзгерістер енгізу қарастырылған, - деді Қожахмет. 

Комитет төрағасы атап өткендей, ҮЕҰ-дан нақты идеялар қабылдануы керек. 

Қорытындысында грантты ұйымдастыру бойынша бюджеттік жоспарлау нақты есептілікті қажет ететіндіктен ондай грант кәсіби емес болады. Себебі, оны мемлекеттік қызметкерлер өздері жазғандықтан, талқылауға шыққанда көп мәселелер грант ұсынушылардың пікірлер алуындығына ұшырайды. Бұл үрдісті өзгерту үшін заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесі тұр. Қыркүйек айында волонтерлік туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Сол кезде біз бүгін талқыланған мәселелерді енгізуге мүмкіндік аламыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы