Мемлекет үшін кез келген нәрсеге дайынмын – волонтер

3 Сәуір 2020, 17:40
1789
Бөлісу:
Мемлекет үшін кез келген нәрсеге дайынмын – волонтер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы "Көксу жастары" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақжан Мусахметов қиын-қыстау кезеңде мемлекет үшін кез келген нәрсеге дайын екенін айтады.

Қазір мемлекет басшысы әскерге міндеттілерді шақыртуға бұйрық бергені мәлім. Негізгі мәселе қазіргі елдегі коронавирусқа қарсы күресте жұмыла білу. Яғни, соғыс жағдайы емес, волонтерлік істер жасау. Дегенмен, өз басым кез келген нәрсеге дайынмын. Жалпы волонтерлік іс болсын, қоғамға пайда тигізуге жұмылдырылған барлық істі құптаймын. Мемлекетке пайдалы іс жасау - парызымыз, - дейді ол. 

Сонымен қатар, Көксу политехникалық колледжінде жұмыс істейтін ол қолдан келгенше қоғамға пайдалы іспен айналысып жатқанын айтты.

Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен қашықтан оқуға көшіп жатырмыз. Оның үстіне өзіміздің волонтерлеріміз де бар. Олардың көпшілігі мектеп оқушылары болғандықтан, қазір үйде отыр. Дегенмен, олар жақындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Көбінде 42 500 теңгені алу бойынша Egov порталына қалай тіркелу керек, өтініш қалай беру керектігін түсіндіреді. Кейбірі әлеуметтік желі арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді ол. 

Сөз арасында, ол Алматы облысы әкімінің бастамасымен "Жалын" жастар ұйымы құрылғанын айтты. Әр колледжде оның мүшелері бар көрінеді, көпшілігі ІІД-мен бірлесіп жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы