Мемлекетке ең көп айыппұлды Бишімбаевқа пара берген қос кәсіпкер төлеген

3 Шілде 2020, 17:01
2825
Бөлісу:
Мемлекетке ең көп айыппұлды Бишімбаевқа пара берген қос кәсіпкер төлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 2,5 жылда пара алғандар сот үкімімен жалпы сомасы 8,6 млрд теңге айыппұлға сотталған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың монетарлық тиімділігінің тағы бір түрі - пара алғаны және бергені үшін еселенген айыппұлдар институты. Айыппұл мөлшері пара көлемінің 10 есесінен бастап 80 есесіне дейінгі аралықта болады (қылмыстың ауырлығына байланысты). 2018-2019 жылдары және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1096 пара алушы сот үкімімен жалпы сомасы 8,6 млрд теңге айыппұлға сотталды, - дейді Нұрлан Жақсымбетов.

Мемлекетке ең көп айыппұлды Бишімбаевқа пара берген қос кәсіпкер төлеген.

Айыппұлдың орташа мөлшері 8 млн теңгені құрады. 

Ұлттық экономика экс-министрінің ісімен пара беру фактілері бойынша Есмұқанов пен Смағұлов осы кезеңдегі ең жоғары айыппұл 672 млн теңгеге сотталды. Сот 2020 жылы ең ірі айыппұл – 411 млн теңгені Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевке салды, - дейді департамент басшысы.

Естеріңізде болса, 2018 жылы Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. Бірақ ол былтыр бостандыққа шықты. Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Бишімбаев "Бәйтерек Development" ұлттық компаниясының басшысы болған кезінде "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған қолжетімді баспана құрылысын жүргізуге байланысты компаниялардан ірі көлемде пара алған деп соттаған еді. Онымен бірге сол кезде тағы 22 фигурантқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Олардың арасында Бишімбаевқа пара бергені үшін кәсіпкерлер - Бауыржан Есмұқанов пен Қанат Смағұловқа 672 млн айыппұл салынған.

Өзгелердің жаңалығы