Бас жаңалықтар
Мемқызметкерге сыйлық. Жатарда киетін пижама
12 Желтоқсан 2019, 16:24 2291

Мемқызметкерге сыйлық. Жатарда киетін пижама

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мемлекеттік қызметшіге кез келген мемқызметті орындағаны үшін сыйлық беруге тыйым салынған. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындау кезінде сыйлықтар қабылдау әрбір мемлекеттік қызметшіге қойылатын шектеуді бұзу деп саналады. Яғни, бұл әрекеті үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 676 және 677 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

Егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен аз болатын болса, бұл сыйлық алушыға 200 АЕК, яғни 505 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы және ең көп берілетін сыйлықтар жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінде өткен брифингте белгілі болды. 

WhatsApp Image 2019-12-12 at 16.26.05.jpeg

Сыйлық қабылдаушыға 600 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Бұл мөлшерден артық, қымбаттырақ сыйлық алған болса, бұл пара деп есептелініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Биыл Қазақстанда қаншама әкімшілік айыппұлдар салынған. 2019 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің сыйлық беру 676 және 677-баптарын сәйкес 27 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Жалпы айыппұл сомасы 10 млн 386 мың 200 теңгені құрайды, - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова.

Арнаулы мемлекеттік қорға тапсырылған сыйлықтардың құны қандай және қандай ерекше сыйлықтар мемқызметшілерге табыс ететіні туралы ресми өкіл айтып берді. 

Биыл сол табыс етілген сыйлықтардың бағасы 683 212 теңгені құраған.

Мемқызметшіге ең көп берілген сыйлықтар тізімін косметикалық сыйлық жиынтықтары, азық-түлік өнімдері, атап өтсек торт, бәліш, түрлі-түсті қораптарға оралған дәмді кәмпиттер сыйлаған. Сондай-ақ, биылғы жылы сыйлықтар арасында домбыра музыкалық аспабы, тұмарлар болған. Ер адамдардың шарфы, Addidas фирмасының спорттық киімі, Tissot қолсағаты және корнишондармен қапталған зәйтүн, элиталық ішімдік. Тіпті, кейбір мемлекеттік қызметшіге жатарда киетін пижама да берген, - деп атап өтті спикер баспасөз мәслихатында.

Арнаулы қорға өткізілген сыйлықтарға келер болсақ, бұл дегеніміз мемқызметші сыйлық алған кезде сыйлықты беруші анықталмаған жағдайда жергілікті жердегі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне сыйлықты табыс етуі тиіс.


Фото: автордан
Загрузка...