Бас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы тағайындалды
24 Ақпан 2020, 11:50 223

Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Дәулет Бекманов 1983 жылы Өзбекстан Республикасының Достық қаласында дүниеге келген.

2004 жылы "Мирас" университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке компанияда инженер-жүйе технигі болып бастаған.

2006 жылдан бастап 2011 жылға дейін мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

2011 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Байланыс және ақпарат министрлігінде, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында басшылық лауазымдарды атқарған.

2016 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Ақпараттандыру департаментінің директоры.

2018 жылғы қыркүйекте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...