«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

23 Қазан 2020, 13:24
7666
Бөлісу:
«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар бүгін #Ментуымдымақтанетемін хештегімен мемлекеттік ту аясындағы суреттерімен, әсерлі жазба жариялауда. Тек Instagram желісінде осы хештегпен 1000-нан аса пост жарияланып үлгерді. YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Facebook қолданушылары да бұл акциядан шет қалған жоқ. 

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

Бұл акцияға қазақстандық өнер иелері, қоғам қайраткерлері, әкімдіктер де, ұстаздар да, қарапайым ел тұрғындары да үн қосуда.

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

Instagram әлеуметтік желісінде «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Роза Рымбаева Мемлекеттік ту аясындағы суретін жариялап, астына «Мен туымды мақтан етемін» деген жазба қалдырған. 

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

Оның қатарында жас әнші, «Голос дети» байқауының жеңімпазы Ержан Максим да бар.

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

Facebook әлеуметтік парақашасында қазақ тілінде әсерлі жазба қалдырған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Максим Споткайдың жазбасы лайк пен репосттық қолдау табуда. 

Мен туымды мақтан етемін! Күллі әлемде қазақтың көк байрағы мен елтаңбамыздай әдемі, үлкен мәні бар рәміздер аз шығар. Ақтамберді жыраудың «Жауға шаптым ту байлап, шепті бұздым айғайлап» деген сөзі бар. Қазіргі біздің жауларымыз - мәдениетсіздік, білімсіздік, жалқаулық деген сияқты нәрседен Абайша қашық болуымыз керек. Сондықтан алдағы уақытта еліміздің әлемдік саяси, спорттық, ғылыми ареналар мен халықаралық сахналардағы жеңістеріміз бұның айқын дәлелі болсын. Бұл алаңдарда көк байрағымыз желбірей берсін!, - деп тебіренді ол.
«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі аватарының суретін «Мен туымды мақтан етемін» деген жазба мен ту аясындағы суретке ауыстырды.

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда

«Мен туымды мақтан етемін». Қазақстандықтар патриоттық акцияға үн қосуда
Өзгелердің жаңалығы