«Мен туымды мақтан тұтамын». Түркістандық жастар акцияға қатысты

23 Қазан 2020, 19:06
1636
Бөлісу:
«Мен туымды мақтан тұтамын». Түркістандық жастар акцияға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан жастары жалпыұлттық «Мен туымды мақтан тұтамын» акциясына белсене қатысты. 

Бүгін Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы мен қоғам белсенділері, өңірге танымал үздіктер жалпыұлттық «Мен туымды мақтан тұтамын» акциясына қатысты. 

Бұл акцияның негізгі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігінің басты нышаны рәміздерді еліміздің әрбір жасын құрметтеуге қалыптастыру. Қазіргі қоғамда кеңінен таралып жатқан сыртқы күштердің еліміздің имиджіне нұқсан келтіретін әрекеттеріне төтеп беру. Қай салада болмасын үздіктер қатарынан табылып, көк байрағымызды желбірету басты мұратымыз болатынын еске салу болатын. 

«Мен туымды мақтан тұтамын». Түркістандық жастар акцияға қатысты

Әрине, рәміздердің маңыздылығын дәріптеу бағытындағы шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Бірақ, қазіргі халықаралық деңгейде еліміздің имиджіне қарсы жасалып жатқан әрекеттер кезінде бойымызды тіктеу үшін, жастардың бойындағы жігердің жандыру мақсатында осындай акция өтті. Бұл кең ауқымды, республикалық шара болғандықтан Түркістан жастары да өз үлестерін қосуда, - дейді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Амалбек Өміртай. 

Сондай-ақ, аталмыш акцияны Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы жастар да қолдап, мемлекеттік туымыздың мәртебесін көтеруге, қадір-қасиетін арттыруға үлес қосуда. 

Одан бөлек, тәрбиелік мәні зор бастаманы қолдағандардың қатары әлеуметтік желілерде де артып жатқанын байқауға болады. 

Айта кетейік, акция тек қана Қазақстан аумағында шектеліп қалмау үшін үш тілде #КөкбайрағымМақтанышым, #Ягоржусьсвоимфлагом, #IsOurPride хэштегтері қолданылуда.

Өзгелердің жаңалығы