Бас жаңалықтар
Мені депутаттыққа үш рет ұсынды – Роза Рымбаева 
PHOTO
12 Желтоқсан 2019, 16:27 16391

Мені депутаттыққа үш рет ұсынды – Роза Рымбаева 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алған әнші Роза Рымбаева депутат болудан бас тартқанын айтты.

Тәуелсіз елдің азаматы болу жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да әрбір азамат мәдениет, экономиканы көтеру үшін бар күш-жігерін салып, жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі тиіс. Мен шығармашыл адаммын, өнерде болғаным үшін бақыттымын. Мені депутаттыққа үш рет ұсынды, мен бас тартқан болатынмын. Мен елдің мәдениетін арттыруға үлес қосып жатырмын, - деді әнші.
роза3.jpeg

 Сонымен қатар, халықтың сүйікті әншісі бүгінгі марапаттың маңызы туралы айтты.
Қарапайым еңбек адамын бағалау деген сөз, ол адамның айналасындағы ұжымдастары мен әріптестері, ауылдастары үлгі алады. Себебі, еңбек адамына құрмет атағы берілмейді. Ол өзінің еңбегімен, мәдениетімен, мінезімен, өмірімен жоғары тұрған адам деп санаймын, - деді ол.
ууу.jpeg

Қазақстан президенті қандай шенеуніктерден бас тартатыны туралы айтты. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық шопан Есет Өтесовке ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденін табыстады. Иманғали Тасмағамбетовтің қызы София Тасмағамбетоваға "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Қазақстан президенті бүгін "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, "Отан" ордені, І дәрежелі "Барыс" ордені, ІІ дәрежелі "Барыс" ордені, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, "Парасат" ордені, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, "Құрмет" ордені, ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені, ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттады.

Марапат алған тұлғалардың арасында Роза Рымбаева, Илья Жақанов, Сауытбек Әбдрахманов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Димаш Құдайберген бар. Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз.






Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...