Бас жаңалықтар
Мешіттегі садақа жәшігін тонаған ұры ұсталды
22 Қаңтар 2021, 12:15 143

Мешіттегі садақа жәшігін тонаған ұры ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы мешіттердің бірінде садақа тастайтын жәшіктен 290 мың теңге ұрланды. 

Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұры Алматыдағы мешіттерді торуылдаған. Оның соңғы ісі мешіттегі бақылау камерасына түсіп қалған, нәтижесінде 30 жастағы күдіктіні полиция ұстады. 

Азамат мешітке кіріп, қолдан жасалған құралдармен қорапты ашып, 290 мың теңгені қолды еткен. Бұл мешітке келушілерден түскен садақа. Күдікті бұл әрекетке қаржылай қиындықтар көргендіктен барғанын айтуда, - дейді Алмалы ауданындағы полиция бөлімшесінің бастығы Мейірхан Жанабаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...