Сәтбаева тұрған үйге мемориалды тақта қойылды

20 Қараша 2019, 15:40
3496
Бөлісу:
Сәтбаева тұрған үйге мемориалды тақта қойылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаевға арналған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды. Мемориал Құрманғазы көшесі бойындағы №20 үйдің қабырғасына орнатылды.

Мейіз Қанышқызы — геология-минералогия ғылымдарының докторы. Ол өзінің ұлы әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолымен жүрді және Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы рениге бай ерекше кен құрайтын минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертацияны қорғады.

98.jpg

Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.
Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына мемориалды тақта бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт, - деді ашылу салтанатында Мамай Ахметов.
Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов, академиктер С. Оздоев және С. Қожахметов, геология-минерология ғылымдарының докторы Э. Сейітмұратова, Қ. И. Сәтпаев атындағы геология Институты архивінің директоры Н. Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минерология ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.




Өзгелердің жаңалығы