Мейвезер мен МакГрегор екінші рет жұдырықтасуы мүмкін

20 Қаңтар 2020, 17:03
1794
Бөлісу:
Мейвезер мен МакГрегор екінші рет жұдырықтасуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конор МакГрегор UFC 246 турнирінде жеңіске жеткен соң америкалық боксшы Флойд Мейвезер өз инстаграм парақшасында қызықты сурет жариялады. 

Суретке қарағанда 2020 жылы спортшылар тағы да шаршы алаңда кездеседі. Әзірге жекпе-жектің нақты уақыты белгісіз.

Бірінші кездесуден кейін екі спортшы шамамен 300 миллиондай АҚШ долларын тапқан. Оның басым бөлігі 230 миллиондай Мейвезердің еншісінде. МакГрегор 70 миллионды қанағат тұтты. 

Өзгелердің жаңалығы