Миллиондаған Clubhouse пайдаланушысының деректері желіге тарап кетті

11 Сәуір 2021, 17:07
1027
Бөлісу:
Миллиондаған Clubhouse пайдаланушысының деректері желіге тарап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хакерлер жеке пайдаланушылардың аты-жөнін, фотосуреттеріне сілтемелерді, сондай-ақ басқа әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың аккаунттары туралы ақпаратты жариялады.

Хакерлер Clubhouse әлеуметтік желісінің 1,3 миллион пайдаланушысының жеке деректерін желіге орналастырды. Әлеуметтік желінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ. 

Бұл туралы Cybernews порталы хабарлады.

Желіге орналастырылған жеке деректердің арасында пайдаланушылардың аты-жөндері, фотосуреттері, сондай-ақ басқа әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың аккаунттары туралы ақпарат бар.

Айта кету керек, Clubhouse платформасы өткен жылдың сәуірінен бері бар.

Өзгелердің жаңалығы