Бас жаңалықтар
Министр 42 500 теңгені алудың тәртібін түсіндірді
16 Шілде 2020, 14:59 754

Министр 42 500 теңгені алудың тәртібін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында 42 500 теңгені алудың тәртібін түсіндірді. 

Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары арқылы ұсынады. Олардың қызметінің шектелу фактісін құрамына ҰКП мен кәсіподақтардың өкілдері кіретін аудандық және қалалық штабтар растайды. Басқа санаттар төлемдерді тағайындау үшін өз бетінше өтініш береді. Ол үшін біз бірнеше жолды қарастырдық, – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр порталдардың барлығы дайын екенін айтты. Олар түнімен тестілеуден өткізіледі. 

Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар: egov.kz – "электрондық үкіметтің" веб-порталы; 42500.enbek.kz порталы, "Электрондық үкімет" telegram-bot-ы, Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен  интернет-ресурстары арқылы өтініш бере алады, - деді ол. 

Министр өтінішті бір рет қана беруді сұрады. 

Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады, – деп толықтырды министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...