Министр: "Біз біргеміз" деген бос ұран емес

1 Сәуір 2020, 17:52
2632
Бөлісу:
Министр: "Біз біргеміз" деген бос ұран емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі министрі Дәурен Абаев халықты тәртіпке бағынуға, бірігуге шақырды. 

Өздеріңіз білетіндей, үндеуде айтылған шаралар қазіргі уақытта қиыншылыққа тап болған азаматтардың, кәсіпкерлердің, ауыл шаруашылығы өкілдерінің өтініш-тілектерін ескерді. Мемлекет басшысының үндеуі - экономикалық қана емес, идеологиялық астары да бар дүние. Осындай уақытта біз көзқарасымыздың, идеямыздың, ұлтымыз бен дініміздің әртүрлі екендігіне қарамастан, біртұтас екенімізді түсінуіміз керек. "Біз біргеміз" деген бос ұран емес. Халқымызды талай қиындықтан аман алып шыққан өмірлік ұстаным, - дейді Дәурен Абаев.

Ол мемлекет басшысы бізді бірігуге шақырып отыр. Халыққа деген қамқорлық үлгісін көрсетуде деп айтты.

 Қазіргі уақытта еліміздің түгелге жуық өңірінде коронавируспен ауырғандар тіркелді. Көп аймақта карантин шаралары күшейтілді. Осы тұста әрбіріміз үйде болуымыз керек. Осы ережені неғұрлым тез, әрі дұрыс ұстансақ, карантин уақыты соғұрлым тез аяқталады, - дейді министр.
Айта кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша мемлекет басшысының бастамасымен "Біз біргеміз!" акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймағында "Jas Otan" жастар қанаты және Nur Otan партиясының волонтерлары 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қол ұшын берді. 

Алайда, елдегі жағдайдың күрделенуін ескере отырып, халықтың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін "Jas Otan" бұл жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Өзгелердің жаңалығы