Бас жаңалықтар
Министр Президенттің кеңесшісімен кездесті
23 Қазан 2020, 20:49 193

Министр Президенттің кеңесшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті.

Әңгіме барысында СІМ басшысы сұхбаттасушыға ЕҚДБ-дағы президенттік кезінде жан-жақты қолдау көрсеткені және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде тең төрағалық еткені үшін алғыс айтты. Министр С.Чакрабартидің баға жетпес тәжірибесі еліміздің одан әрі серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

М.Тілеуберді сұхбаттасушыны дипломатияны экономизациялау және COVID-19 жағдайында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде С. Чакрабарти Қазақстан Еуразия өңіріндегі капитал салу үшін ең тартымды елдердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жоспарланған өзгерістердің маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша жемісті диалог пен бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...