Бұрынғы министр Сенат депутаты атанды

12 Тамыз 2020, 12:09
13364
Бөлісу:
Бұрынғы министр Сенат депутаты атанды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті.

image-12-08-20-10-39-4.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласы атынан Парламенттің жоғары палатасына депутат болуға үш кандидат тіркелген. Олардың арасынан бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, бірнеше жылдан бері Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев сайланды. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша ол 15 дауыс жинаған.

image-12-08-20-10-39.jpeg

Ал қалған екі кандидат Мәулен Самамбетов пен Мейрамбай Оралов 2 және 3 дауыс қана жинай алды. Дауыс беруге қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысты.

image-12-08-20-10-39-6.jpeg

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ.

1983 жылы институтты үздік бітіріп, ғалым агроном біліктілігін алды. 1983 жылдан бастап Қазақ Жер өңдеу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында агроном қызметін;

1992 жылдан 1997 жылға дейін - Қазақ Жер өңдеу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;

1997 жылдан 2002 жылға дейін - А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры;

2002 жылдан 2005 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

2006 жылдан 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры;

2007 жылдан 2008 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

2008 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарды.

2011 жылғы 18 қазаннан бастап – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі. 100-ден аса ғылыми басылымдардың, 4 монографияның авторы. Аграрлық ғылым саласындағы үздік еңбегі үшін А.И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атты құрмет атағына ие.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы