Мақтааралға көмек. Министрлік қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды

28 Мамыр 2020, 22:24
1215
Бөлісу:
Мақтааралға көмек. Министрлік қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақыларын аударды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні, қатты жаңбыр мен бұршақ салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылған. Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары суға толып, бірнеше елдімекендерді су басты. Осыған орай Түркістан облысының Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ел Президенті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған болатын. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою үшін Үкімет комиссиясы құрылған.

Өзгелердің жаңалығы