Министрлік өкілі одақ аясында еркін саудаға кедергі келтіретін факторлар жайлы айтты

24 Қараша 2020, 13:37
1592
Бөлісу:
Министрлік өкілі одақ аясында еркін саудаға кедергі келтіретін факторлар жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда кедергілерінің басым бөлігі Ресей еліне тиесілі. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова айтты.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығының әлеуетін толық іске асыруға кедергі келтіретін бірнеше фактор бар. Соның бірі - саудадағы өзара кедергілер.

Одақ серіктес елдерінің нарықтарының дамуы қолданыстағы нарықтарды анықтайды, ал кейбір жағдайда қазақстандық экспортқа қатысты шектеу шараларын енгізуге себеп болады. Мәселелер халықаралық комиссиямен бірлесіп шешімін тауып келеді. Дәлелденген 62 кедергінің 51-і жойылды, оның 25-і Ресейге, елінің нарығына қатысты болды. Жасырын кедергілер жұмысын жалғастыруда, соның ішіндегі атап өтерлігі әкімшілік кедергілер, - деді ол.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, ЕАЭО-да анықталған кедергілер жыл сайын қазақстандық экспорттың 660 миллион АҚШ долларын «шегереді».

Екінші кедергі ол кейбір міндеттеменің орындалмауы.

Жеке серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қол жетімділік шектеулі. Тауарларды ветеринариялық, санитарлық және кедендік бақылау мемлекеттің ішкі жағына ауыстырылған. Одақ шеңберінде жылжымалы тауарлар туралы электрондық ақпарат алмасу қолға алынбаған, - дейді ол. 

Оның айтуынша, екі фактор да ЕАЭО елдеріндегі сауда тауарларының салаларының жоғары деңгейде қиылысуымен байланысты, бұл әділетсіз бәсекелестікке әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы