Митингке шықпас бұрын дұрыс талап қоя білу керек – Айқын Төлепберген

6 Мамыр 2021, 20:17
3231
Бөлісу:
Митингке шықпас бұрын  дұрыс талап қоя білу керек – Айқын Төлепберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы болған әнші өзінің әңгімесі барысында айтты.

Оның айтуынша, біздің елде митингке шығу мәдениеті жоқ. 

Митингке шыққан адамдар ел мүддесін қорғайтын мемлекеттік деңгейдегі  талап қою керек. Бізде жүз адам шықса жүз түрлі талап қояды. Маған үй бер, жер бер деп әркім өз проблемасын айтумен болады. Ал ауылдан қалаға көшіп келіп, әкімшіліктен жер бер, үй бер деп талап етуі дұрыс емес сияқты, - дейді ол.

Ол сондай-ақ өзі қандай жағдайда митингке шығатыны жайлы айтты.

Айқын Төлепбергеннің айтуынша,  жер, ел, тіл мүддесіне шынымен нұқсан келітіріп жатса заңды митингке шығуы мүмкін. 

Сонымен қатар ол қазір әлеуметтік желі де адамның жеке көзқарасын танытуға мүмкіндік беретін үлкен күш екенін атап өтті. Желі көп адамның мәселесін шешуге атсалысып жатқан бұқаралық ақпарт құралдарынан кем емес тетік деген баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы, әнші Айқын Төлепберген болған еді.  


Өзгелердің жаңалығы