Mobius отандық жүйесі қаншалықты тиімді?

3 Желтоқсан 2019, 18:09
4281
Бөлісу:
Mobius отандық жүйесі қаншалықты тиімді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов осы жылдың шілде айында Mobius электрондық билетпен қамтамасыз ету жүйесін сынға алған еді. 

Бүгінде бұл жүйе жұмыс істеп тұрса да, билеттер әлі де сатылымға түсіп жатыр. Осы орайда "оның қандай тиімділігі бар?" деген орынды сұрақ туындайды. Сауалға "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының ресми өкілі Асылхан Қалдыкөзов жауап берді.

Mobius - бұл отандық жүйе. Әрине, әрбір жүйеде кемшіліктер шығады. Алайда, мен бұл жүйе тиімді деп толыққанды айта аламын. Біздің жолаушыларға қолжетімді. Әр жолаушы кассаға келіп, вокзалда сағаттап кезекте тұрғанша, осы мобильдік қосымша арқылы үйде отырып-ақ немесе терминалдар арқылы сатып алады. Билетті кез келген уақытта сатып алуға болады. Әлбетте, аталмыш жүйені дамытамыз. Мобильдік қосымшаны іске қосамыз. Жолаушылар мен сарапшы мамандардың шағым, ескертпелеріне назар аударып, жүйені жетілдіреміз, - деп жауап қатты компания басшысының орынбасары. 

2020 жылдың қаңтар айынан бастап, елімізде пойыз билеттерін ұялы телефон қосымшасы арқылы сатып алуға болады. 

Келер жылдың қаңтар айынан бастап Mobius мобильді қосымшасы іске қосылады. Ол арқылы азаматтар пойыз билеттерін тікелей сатып ала алады. Сондай-ақ төте маршрут болмаған жағдайда клиент басқа пойызға ауысып отыруға немесе пойыздарға орын болмаған жағдайда басқа пойызға ауыстыру мүмкіндігі беріледі, - деді спикер. 

Айта кетейік, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін олардың өтініші 24/7 режимінде жұмыс істейді. Өтініш "1433" нөмірі арқылы қабылданады. Аталған қызмет қалалық байланыс телефондары арқылы тегін, ал ұялы телефоны арқылы ақылы болады.

Өзгелердің жаңалығы