Монғолия Қазақстанға азаматтарын алып кету үшін ұшақ жібереді

4 Тамыз 2020, 18:38
1909
Бөлісу:
Монғолия Қазақстанға азаматтарын алып кету үшін ұшақ жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтарын елге қайтару үшін Монғолия Үкіметі Қазақстанға ұшақ жіберетінін ресми мәлімдеді. Бұл туралы Монғолия парламентінің мүшесі Тілеуханұлы Әубәкір facebook-тегі парақшасында жариялады.

 Монғолия Парламентінің мүшесі Тілеуханұлы Әубәкір бүгін Монғолия Үкіметі басшысының орынбасары Я.Содбаатармен кездесті.

Парламент мүшесі Т.Әубәкір карантинге байланысты Қазақстанда қалып қойған отандастарын Монғолияға қайтару жөніндегі депутаттық сауалын мемлекеттік төтенше комиссияға шілденің 7-сі күнгі берген болатын.

Кездесуде осы ресми хаттың жауабы сұралды және де Қазақстанға тағы да ұшақ ұшыру жөніндегі азаматтардың өтініш талаптары жеткізілді. 

Монғолия үкімет басшысының орынбасары Монғол елі әлем елдеріндегі өз азаматтарын елге әкеліп жатқан жұмыстары туралы айта келе тамыздың 22-сі Қазақстанға тағы бір рет ұшақ ұшыратынын ресми мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы