Моңғолиялық оқушылар жазғы каникулға ерте шығатын болды

11 Мамыр 2021, 16:03
1410
Бөлісу:
Моңғолиялық оқушылар жазғы каникулға ерте шығатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың өршуіне байланысты Моңғолия елі оқушыларды жазғы каникулға әдеттегіден ерте жіберу жөнінде шешім қабылдады, деп жазды centralasia.media.

Балабақша мен бастауыш сынып оқушылары жазғы демалысқа 10 мамырдан бастап шықты, ал орта және жоғары сынып оқушылары алдағы жұма күннен бастап демалады.

Жаңа оқу жылы да Моңғолияда ерте басталады деп күтілуде. 2021-2022 оқу жылы тамыздың ортасында басталады деп жоспарланған.

Моңғолиялық оқушыларға елде локдаун енгізілген өткен жылдың қараша айынан бастап онлайн оқыту форматы ұсынылған болатын. Сонымен қатар елде вакцинациялау процесі қарқынды жүргізілуде. 

Бүгінде Моңғолия 100 адамға шаққанда вакцина алушылар саны бойынша әлемде 12-орында тұр. Осы күнге дейін елдің 2 271 109 азаматы вакцина алып үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы