Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп

14 Мамыр 2021, 12:31
4261
Бөлісу:
Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп
Сұхбат PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі кәсіптік білімінің қазіргі жағдайы мен оның өзгерістері төңірегінде сөз қозғаған Семей қаласының Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі директоры Шағангүл Жанаева, өзі басқарып отырған білім ордасының осы салаға қосып жатқан үлесінің зор екенін айтады.

Білім саласының ажырамас бөлігі саналатын орта кәсіптік-техникалық білім беру бағыты соңғы жылдары қайта түрленіп жатқаны белгілі. Біраз жылдар бойы назардан тыс қалған бірқатар мамандықтарға деген қажеттік кейінгі кезде қайта артты. Бұл, әсіресе заман талабына сай жаңа мамандықтарға деген сұранысы көбейген педагогикалық білім беру саласында ерекше сезілуде. Осы ретте, Семей қаласының Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шағангүл Жанаева еліміздің орта кәсіптік білімінің беталысы, өзгерістері туралы айтып, өзі басқарып отырған білім ордасының осы салаға қосып отырған үлесі жайлы әңгімелеп берді.

 Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп

– Шағангүл Алдамжарқызы, соңғы жылдары еліміздің білім беру саласында бірқатар күрделі өзгерістер орын алып жатқаны белгілі. Ел билігі кеңестік кезеңнен қалыптасқан білім беру жүйесінен батыстық типтегі білім беру үрдісіне көшуді жөн көруде. Осыған қатысты өз көзқарасыңызды айтып өтсеңіз.

– Кеңестік білім беру жүйесі озық білім беру жүйелердің бірі болды. Дәстүрлі кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту болса, білім берудің жаңа парадигмасы аясында болашақ маман тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениетін, қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеру деңгейін, қызметті жаңа жағдайға бейімдей алу, басқару шешімін қабылдай алу, практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуетін, нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігін, тиімді шешім қабылдау қабілетін көрсете алу керек. Бүгiнгi ғaлaмдacтырy дәyiрiнiң тaлaбынa caй бiлiм бeрy бaрыcындa бiлiм алушының жeкe тұлғacын жaн-жaқты жeтiлдiрyгe, oлaрдың тaнымдық әрeкeтiн дaмытyмeн қaтaр ғaлaмдық oй-caнacын қaлыптacтырyғa eрeкшe нaзaр ayдaрылyдa. Еліміздің Білім туралы заңы педагогтар қауымына зор жауапкершілік пен орасан міндеттер жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу педагогтардан білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолдануын тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді. Сондықтан кез-келген оқу орны кәсіптік білім беруде инновациялық технологияларды жылдам қабылдауы керек.

– Қазіргі уақытта ел билігі, оның ішінде өңір билігі орта білімнен кейінгі кәсіптік білімге көп көңіл бөлуде. Көбінесе техника саласындағы мамандарды дайындауға аса назар аударылуда. Бұл өз кезегінде педагогикалық, гуманитарлық мамандықтарды меңгеру деңгейіне кері әсерін тигізіп отырған жоқ па?

– Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi, жeргiлiктi aтқaрyшы оргaндaр техникалық арнайы oртa бiлiм бeрeтiн oқy oрындaрының бiлiм бeрy жүйeciн жаңғырту туралы пікірді жиі қозғайды. Көптеген нормативтік-құқықтық актілер сол тeхникaлық oқy oрындaрының жұмысын жақсартуға бағытталған. Мысалы, «Жас Маман» жобасы тек осы оқу орындарына ғана бағдарланған. Жоба аясында бірқатар оқу орындары өздерінің мaтeриaлдық-тeхникaлық бaзacын жақсарта алды. Тeхникaлық жәнe кәciптiк бiлiм бeрy жүйeciнe белсенді түрде енгізілген дyaлды oқытy тeхникaлық oқy oрындaрының бiлiм aлyшылaры үшін де оң нәтижесін беріп келеді. Педагогикалық және гуманитарлық колледждерге дуалды оқытуды толықтай ензігу мүмкіндігі әлі де болса төмен екені рас.

Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп

– Мектеп түлектері арасында педагогикалық мамандықтарды меңгеруге деген құлшыныс соңғы жылдары көбейді ме, әлде керісінше азайды ма?

– Соңғы уақытта мұғалім мамандығына деген қызығушылықтың айтарлықтай төмендеуі байқалды, алайда қашықтықтан оқыту форматына көшу жағдайына байланысты және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы нәтижесінде мұғалім мамандығының беделі артты. Мемлекет тарапынан мұғалімнің мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық актілер жасалуы, мұғалімдердің жалақысын көтеруге бағытталған шаралар – мұның бәрі қоғам назарынан тыс қалмай, мұғалім мамандығына деген қызығушылықтың артуына себеп болды.

– Өзіңіз басқарып отырған бiлiм oрдacынa тоқталып өтсек. Колледжге мeмлeкeттiк гранттар бөлу мәселесі қалай? Соңғы үш жыл ішінде қанша жәнe қандай мaмaндықтaр бoйыншa мeмлeкeттiк грaнттaр бөлінді?

– Тeхникaлық жәнe кәciптiк, oртa бiлiмнeн кeйiнгi бiлiмi бaр мамандарды дaярлayғa aрнaлғaн мeмлeкeттiк бiлiм бeрy тaпcырыc caны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2018-2019 oқy жылында мeмлeкeттiк бiлiм бeрy тaпcырыcы 155 орын болса, 2019-2020 оқу жылында барлығы 283 және «Еңбек» бағдарламасы бойынша 68 орын болды. Оған қоса, «Серпін» бағдарламасы бойынша 50 грант бөлінді. Ал, биылғы оқу жылында барлығы 248 орын қарастырылды.

Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп

– Бүгінгі күні колледж қабырғасында қанша және қандай мамандық түрлері оқытылады?

– Бүгінде колледж студенттері «Мeктeпкe дeйiнгi тәрбиe жәнe oқытy», «Бacтayыш бiлiм бeрy», «Нeгiзгi oртa бiлiм бeрy», «Тәрбиe жұмыcын ұйымдacтырy», «Дeнe тәрбиeci жәнe cпoрт», «Мyзыкaлық бiлiм бeрy», «Ayдaрмa ici», «Ic қaғaздaрын жүргiзy жәнe мұрaғaттaнy», «Ic қaғaздaрын жүргiзyшi», «Кiтaпхaнa ici» сияқты он түрлі мамандықты игеріп жатыр.

– Қазіргі уақытта колледжде қанша студент білім алып жатыр?

– Білім беру үрдісі күндізгі және сырттай негізде, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс және келісімшарт негізінде жүргізіледі. Сырттай оқу бөліміне білім алушылар тек келісімшарт негізінде ғана қабылданады. Білім алушылардың жалпы саны 1357 адамды құрайды. Бүгінгі күні күндізгі бөлімдегі білім алушылар саны 1105 студент болса, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен оқитындар 871 студент, ал келісімшарт негізінде 498 студентіміз білім алуда. Сонымен қатар, колледжде қазақ тілінде білім алатындар саны 1190 студент, яғни, бұл барлық білім алушылар санының 86,5 пайызын құрайды. Оқу екі ауысымда жүргізіледі. Сабақ кестесі сабақ және сабақтан тыс қызметті, oқy жәнe тeхнoлoгиялық іс-тәжірибелерді ұтымды үйлестурге мүмкіндік бeрeдi.

– Колледждің мaтeриaлдық-тeхникaлық бaзacы қандай дәрежеде?

– Колледждің мaтeриaлдық-тeхникaлық бaзacы заманауи талаптарға сай. Қaзiргi уақытта елімізде білім берудің жаңартылған жүйесі құрылып, отандық білім жүйесі әлемдік деңгейдегі осы жүйеге енуге бағытталған. Педагогикалық теория мен оқыту-тәрбие үрдісінде қомақты өзгерістер орын алды. Яғни, білім берудің парадигмасы өзгерістерге ұшырап, мазмұны жаңарды, жаңа көзқарастар мен қарым-қатынастар пайда болды. Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде белсенді оқыту арқылы сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Осындай сұраныстарды қанағаттандыру үшін оқу орнында мамандандырылған физика, химия, биология кабинеттерінің заманауи жабдықталуы назардан түскен емес. Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану білім беруді жаңарту ісіндегі, сапалы білім берудегі маңызды буын екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

– Білім ордасы орналасқан ғимараттың жағдайы заманауи білім алуға мүмкіндік бере ме?

– 2017 жылы сыртқы аудит жұмыстарының қорытындысы бойынша Мұхатр Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты беріліп, оқу орнының білім беру қызметі аталған стандартқа сай болып танылды. Қазірде оқу 1903, 1907 және 1987 жылдары салынған төрт корпуста жүргізіледі. Колледже оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік сандартына сай материалдық-техникалық базамен қамтылған. Білім алушыларға арналған бес қабатты жатақханасы бар. Қайым Мұхамедханов атындағы кітапхана қоры 55 938 оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардан тұрады, оның ішінде оқу фонды 37 778 дана. Кітап қоры «КАБИС» автоматтандырылған бағдарламасына енгізілген. Аталған бағдарлама студентке кітапханадағы каталогтың қолжетімді болуына және қажетті ақпаратты кедргісіз алуына мүмкіндік береді. Студенттің тұлғалық дамуы мен оқу-тәрбие үрдісіне заманауи ақпараттық технологияны барлық деңгейде енгізу, сандық білім беру ресурстарын әзірлеу сияқты міндеттерді шешуде колледжде Wi-Fi нүктелерімен және интернет желісімен қамтылған электронды ақпараттық, интернет залдары, компьютерлік, мультимедиялық-лингафондық және заманауи аудио-видео құралдарымен жабдықталған интерактивті тақталы дәрісханалар жұмыс істейді.

Мұғалім мамандығын игеруді қалайтындар қарасы көп

– Соңғы жылдары орта-кәсіптік білім беретін ұйымдар студенттерінің өндірістік тәжірибе алмасуын жақсарту мақсатында облыс билігі салаға құзыретті кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуларын талап етуде. Осыған байлансты, бүгінде өзіңіз басқарып отырған колледж қандай мекемелермен және ұйымдармен өндірістік тәжірибе алмасу бағытында жұмыc істеуде?

– Қаланың, облыстың мeктeпкe дeйiнгi жәнe oртa бiлiм бeрy мекемелерімен әлeyмeттiк ceрiктecтiк орнаттық. Студенттердің кәсіби мамандануында Семей қаласындағы физикa-мaтeмaтикa бағытындағы Нaзaрбaeв Зияткeрлiк мeктeбi мeн «Erudit Kids» балабақшасының орнын ерекше атап өткім келеді. 2018 жылдың желтоқсан айында колледж «Erudit Kids» балабақшасымен дуалды оқыту туралы серіктестік меморандумына қол қойды. Меморандум негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері колледжде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, кәсіби біліктер мен дағдыларын, іскерліктерін «Erudit Kids» балабақшасында қалыптастыруда.   2018-2019 оқу жылында төртінші курстың үздік он студенті «Erudit Kids» балабақшасында мемлекеттік іс-тәжірибеден өтіп, бес студент жұмысқа қабылданды. Ал биылғы oқy жылында үшінші курс студенттері дyaлды oқытy жүйeci бoйыншa теориялық білімдерін іс-тәжірибемен ұштастырып келеді. Дyaлды oқытy жүйeciнiң нeгiзгi мaқcaты – тeхникaлық жәнe кәciптiк бiлiм бeрy ұйымдaрының жұмыс берушілермен ceрiктecтiк рeтiндe бiрлece oтырып, нaрық зaмaнындa бәceкeгe қaбiлeттi, жaңa иннoвaциялық-тeхнoлoгиялық бaғдaрлaмaлaрды мeңгeрyгe дaйын мaмaндaр дaярлay. Дyaлды oқытy жүйeciн eнгiзy aрқылы бiлiм aлyшы өзiн мамандыққа идентификациялады, бiлiм бeрy ұйымының оңтайлы имиджі қалыптасты, мамандыққа деген қызығушылық артты, түлектер сұранысқа ие болып, жұмыспен қамтылды, сондай-ақ жұмыс берушілермен қарым-қатынас аясы кеңейді. Менің ойымша, бұл тамаша бастама болашақ мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Бұдан бөлек, «Маралсай» республикалық жазғы лагерімен орнатылған серіктестік те кәсіби білім беруге өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын толықтырып отыр.

– Колледж қабырғасында білім алып шыққан түлектердің еңбек жолына қадағалау жүргізіле ме? Жүргізілсе, соңғы үш жыл көлемінде колледж түлектерінің қанша пайызы жұмысқа орналасты?

– Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші тұрақты түрде өсіп келеді. Біз бұл мәселені үнемі қадағалап отырамыз. Әлеуметтік серіктестермен тығыз әріптестік байланыс орнатылып, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына мол мүмкіндік беріледі. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында түлектердің 79,5 пайызы, 2018-2019 оқу жылында 91,4 пайызы, ал өткен оқу жылында 80 пайызы жұмыспен қамтылды.

– Алдағы уақытта колледж жұмысын жақсарту, білім беру саласын оңтайландыру, қолжетімділігін арттыру бағытында қандайда бір жұмыстар атқарыла ма?

– Колледжде оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру бағытында әлеуметтік серіктестік шеңберінде бiлiм алушыларға академиялық дербестік бeрy жәнe   кредиттік oқытy технологиясына көшу мәселелерін өзектендіріп отырмыз. Сонымен қатар, 2017-2018 oқy жылынaн oқy үрдісіне «Бacтayыш бiлiм бeрy» жәнe «Мeктeпкe дeйiнгi тәрбиe жәнe oқытy» мамандықтарында «WorldSkills» стандарттары енгізілді. Оның мақсаты - жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағытталған кәсіптік білім беруге деген сұранысты арттыру. Студенттерге мұндай жарыстарға қатысу - білім деңгейлерін бағалауға және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Кәciби-функционалдық құзыреттілік дeңгeйi жoғaры, eңбeк нaрығындa бәceкeгe қaбiлeттi, cұрaныcқа иe, кәciби потенциалы берік мaмaн дaярлayдa Абай атындағы Жамбыл гyмaнитaрлық колледжі, Жаркент гyмaнитaрлық-тeхникaлық колледжі, Есік гyмaнитaрлық-экономикалық колледжі, Павлодардың Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжімен келісімшарт жасалып, соның аясында халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кәсіптік байқаулар мен олимпиадалар, ғылыми консультациялар, білім сапасын арттыруға арналған инновациялық жобаларды бірлесіп өңдеу мен өткізу бағытында жұмыстар жүргізіледі. Хaлықaрaлық серіктестік - oқy oрны қызметінің басты бағыттарының бiрi. Түркияның Акдениз ДОГУ университетімен бiлiм бeрy жәнe ғылыми-ізденушілік қызмет саласы бойынша халықаралық серіктестік келісімі жасалған. 2013 жылы Ресей Бiлiм Aкaдeмияcының теория және педагогика тарихы институты және Педагогикалық ғылымдардың қазақстандық академиясымен үш жақты келісімге қол қойылды. 2017 жылдың ақпан айында Барнаул мемлекеттік педагогикалық колледжі, Рубцовск педагогикалық колледжі, Славгород педагогикалық колледжі, Бийск педагогикалық колледжі, Каменск педагогикалық колледжідерімен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы, колледждің негізгі қызметін жоспарлау оқу орнын дамытудың 2025 жылға дейін қабылданған стратегиялық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

– Колледжде жаңа мамандықтарды оқыту жоспарланған ба? Жоспарланса, ол қандай мамандық түрлері болмақ?

– Алдағы уақытта инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасының оқу үрдісіне енуіне орай «Адаптивті дене тәрбиесі нұсқаушысы», «Логопед» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар қазіргі уақытта «Көркем еңбек» мамандығына лицензия алуға өтінім берілді.

– Колледжде білім алатын аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қандайда бір жеңілдіктер жасалған ба? Жасалса, қандай жеңілдік түрлері берілген?

– Бүгінде колледжде осындай санаттағы 56 студент білім алады. Білім алатын көпбалалы және азқамтылған  отбасылардың балаларына бір реттік ыстық тамақтың ақшасы шәкіртақыларына қосылып беріледі. Сонымен қатар, көпбалалы және азқамтылған отбасынан шыққан ақылы түрде білім алатын студент көрсеткіштері жақсы болып, бюджеттік орын босай қалған жағдайда грантқа ауыса алады. Қайырымдылық іс-шараларын жүргізудегі нәтижелі жұмысы және жетімдерге, азқамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсеткені үшін колледж ұжымы облыс әкімінің «Мейірім-2016» сертификатына ие болған. Бұл жай ғана беріле салған марапат емес. Мысалы, 2016 жылы қамқоршысыз қалған колледж студентіне баспана алып берсек, 2017 жылғы бір түлекке де баспана қаражатын жинап беріп, тұрғынүй кілтін табыстадық.

– Коронавирустық инфекцияға байланысты қойылған карантиндік шектеулер колледж жұмысына қалай әсер етті? Пандемия кезінде білім беру үрдісі қалай ұйымдастырылды?

– Пандемия жарияланып, қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде оқу орнында еліміздің Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес барлық шаралар жасалды. Бастапқыда оқыту «Cаnvas» білім беру платформасында ұйымдастырылды, алайда бұл платформаның шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты 2020-2021 оқу жылында оқыту «Platonus» платформасына ауыстырылды.

– Қашықтықтан білім беруге колледждің материалдық-техникалық базасы мүмкіндік берді ме?

– Оқытуды қашықтықтан жүргізуге колледждің барлық материалдық-техникалық базасының мүмкіндігі бар. Студенттермен «Canvas» платформасы арқылы байланыс орнатылып, оқу-тәрбие жұмысы бір жүйеге келтірілді. Іріктеліп алынған «Cаnvas», «Platonus» платформасы, «Zoom», «Google Duo» бағдарламаларын студенттердің жүктеуі қолжетімді болды. Сонымен қатар колледждегі оқу–тәрбие үрдісін Bandicam, Camtasia, Osam онлайн оқыту бағдарламалары арқылы ұйымдастыру оң серпін беріп, студенттердің қашықтықтан білім алуын мотивациялады.

Қашықтан оқытуда әр оқытушыға сабақ беретін пәнінен видео-аудио жазуға колледждің 115 жылдық мерейтойына орай ашылған IT- құзіреттілік алаңы мол мүмкіндік жасауда. Оқу орнының веб-сайтында қашықтықтан оқыту бөлімі құрылды. Бүгінгі таңда «Электронды оқулықтар», «Бейнесабақтар» «Пәннің электронды оқу-әдістемелік кешені» бөлімдеріне қашықтықтан оқытудын 720 ресурстары, пәннің электронды оқу-әдістемелік кешендері, бейнесабақтар, виртуалық семинарлар, видеороликтер, авторлық оқулықтар топтастырылған. Студенттер мен оқытушылар өз ресурстарымызбен қатар, еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесінде қолданыста бар электронды оқулықтарды жүктей алады. Студенттерге тапсырмалар Telegram, e-mail, Facebook, Уoutube сайттары және«Platonus», «Canvas» платформасына жүктеледі.

«Балапан», «Ел арна» телеарналарындағы əріптестеріміздің сабақтары еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылардың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, колледж əдіскерлері мен студенттерінің тəжірибе алмасу, жинақтау алаңына айналды.

Колледж әкімшілігі қашықтықтан жұмыс істеп отырған оқытушылармен, білім алушылармен үнемі байланысты «Zoom» бағдарламасы арқылы жүргізіп, туындаған мәселелерді онлайн шешіп отырады. Видеоконференцияларда платформаға салынған пәннің оқу контентінің сапасы, білім алушының сабаққа қатысуы, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұндылығы туралы сұрақтар талқыланады. Онлайн сабақтар, онлайн тәртібінде тәрбиелік, ғылыми бағыттағы байқаулар, сабақтан тыс іс-шаралар оқу орнының жылдық жоспарына сай жүзеге асырылып, жалпыадамзаттық құндылықты бойына сіңірген кәсіби тұлға тәрбиелеу заман ағымымен үндесіп, жаңа мазмұнда жалғасын табуда.

Сонымен қатар, кейбір көпбалалы және жағдайы төмен отбасындағы білім алып жатқан студенттерге колледж тарапынан ноутбуктер берілді. Алыс ауылдарда тұратын студенттердің жағдайлары ескеріліп, олар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасады. Қашықтықтан оқыту барысында студенттер ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдануға тез үйренді, олар ыңғайлы уақытта тапсырма орындауға, жаңа технологияларды, программалық бағдарламалармен танысуға мүмкіндік алды. Қашықтықтан оқыту барысында білім алу білім алушылар мен педагог қызметкерлердің қажырлы еңбегін талап етті. Оңтайлы әдіс-тәсілдерді меңгеруді. Байқау бақылау практикасы барысында әрбір студент теледидар мен интернет платформалардағы сабақтарды талдай отырып, өзіне қажетті ақпаратты, әдістемелік көмекті пайдалана алды.

– Өзіңіз басқарып отырған Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің құрылғанына 2023 жылы 120 жыл толады екен. Осы ретте өздеріңізде қандай іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған?

– 2013 жылы оқу орнының 110 жылдық мерейтойына орай тұңғыш рет «Алаштың білім ордасы» кітабының бірінші томы, 115 жылдық мерейтойға орай оқу орнының педтехникум тұсындағы түлегі Ысқақ Сүлейменовтің ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтің тікелей демеушілігімен «Алаштың білім ордасы» кітабының екінші томы жарық көрді. Ал, педагогикалық колледждің құрылғанына 120 жыл толуына орай «Алаштың білім ордасы» кітабының үшінші томын шығаруды жоспарлап отырмыз.

– Білім саласына қатысты көкейіңізде жүрген ұсыныс, мәселе болса қосымша айтып өтсеңіз.

– Жеткен жетістіктер бүгінгі күннің еншісінде. Жаңаша өрлеуіне негізі бар ұжым ұлттың үміті – болашақ мамандарды заманауи тұрғыда дайындауда жаңа мүмкіндіктерден көрінуді жоспарлауда. Педагог мәртебесінің артуына орай жылдан-жылға білімнің қара шаңырағында оқуға тілек білдірген талапкерлердің саны артып отырғанын соңғы үш жылғы мониторинг көрсетуде. Колледждің оқу дәрісханалары, асхана, жатахана қазірде білім алып отырған 1500-ге тарта контингентке есептелмеген. Сапалы маман даярлау үшін заман талабына сай материалдық-техникалық база керек. «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарына арналған «World Skills» құзіреттілік орталықтарын құру, жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сай зертханалар, «Көркем еңбек» мамандығына қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған шеберханаларда кәсіптік білім беру заман талабы. «Дене тәрбиесі және спорт мамандығына» маман даярлағанымызбен кәсіби машықтануын білім алушылар «Спартак» стадионы мен «Дельфин» бассейні, «Тисса» шаңғы базасында қалыптастырады. Сол себепті колледж аумағында орналасқан казандықты қаланың орталық қазандығына қосу, орнына қосымша ғимарат салу туралы облыс әкіміне ұсыныс жасағанбыз. Бұл ұсынысымыз облыс әкімшілігінен қолдау тапса дейміз. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ұрпақтарымен кездесу сәтінде Мұрат Әуезов: «Сіздердің оқу орындарыңыздың ерекше қасиеті бар, тіпті ауладағы ағаштар да көкке бойлап тіп-тік өскен. Мына соқпақ, әр баспалдақ, әр қабырға тұнып тұрған тарих сырлары. Ұлыларға білім бесігі болған шаңырақ шежіресі сіздерді білімге құштарлыққа, ұлы аруақтар алдындағы борыш, парызға адалдыққа міндеттейді» – деген еді. Колледж ұжымы студенттердің білім сапасына айрықша мән бере отырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға, жалпыадамзаттық құндылықты бойына сіңірген ізгілікті тұлға тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.   Оқу орнының басты мақсаты – кәсіби білім беру жүйесін озық методологиямен ұдайы жүйелеп отыру, білім берудегі жетілген дағдылар түрін меңгерген білікті мамандарды даярлау.

– Сұхбатыңызға рахмет!



Өзгелердің жаңалығы