Мусин Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерін құттықтады

17 Мамыр 2021, 16:27
1727
Бөлісу:
Мусин Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні. Осыған орай ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Бағдат Мусин кәсіп иелерін құттықтады.

Осы салада жүрген барша әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын! Қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанның көштен қалмай, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында байланыс және ақпараттандыру мамандарының рөлі арта түсті. Әсіресе бүкіләлемдік пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді - деді министр өз құттықтауында.

Елімізді жаппай цифрландырып, экономикалық-әлеуметтік дамыту жолындағы жұмыстарыңыз толағай табыстарға толы болсын. 

Сіздерден өнеге алып, заманға сай мамандықтардың майталмандарына  айналар ізбасарларыңыз көбейе бергей. Ойға алған арман-мұраттарыңызға жетіп, отбасылық бақыт пен жеңіске толы жетістіктерге кенеле беріңіздер! - деді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы