Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

29 Наурыз 2020, 17:48
1447
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіне қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.
Өзгелердің жаңалығы