Нұр-Сұлтан оқушылары үшін 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады

12 Тамыз 2020, 18:44
1343
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан оқушылары үшін 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады, - деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, елордалық аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютер және роутерлермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінген. 

Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді. Яғни қамтылуы 34,5 мың балаға дейін жетеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді.  

Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шара қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз, 7 мың бала "Мектепке жол" акциясымен қамтылады, - деді әкім.


Өзгелердің жаңалығы