Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген студенттер карантинге жабылмайды

22 Наурыз 2020, 19:02
2163
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген студенттер карантинге жабылмайды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген студенттер карантинге жатқызылмай тек медициналық бақылауға алынады.

Естеріңізде болса, бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген студенттердің карантинге жабылатыны туралы хабар таралған болатын. Бүгін мұның жай ғана қауесет екенін мәлімдеген облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аталған қалалардан келген студенттердің карантинге отырғызылмай, жай медициналық бақылауға алынатынын хабарлады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустық инфекцияға қатысты карантиннің енгізілуіне байланысты біздің облыста коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыс аудандары мен қалаларының бас санитарлық дәрігерлері "Нұр- Сұлтан және Алматы қалаларынан келген адамдарға санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы" қаулылар қабылдады. Аталған қаулының 3-тармағына сәйкес, медициналық бақылауда болатын тұлғалар, соның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген студенттер медицина қызметкерлерімен бақылауға алынады және олармен 14 күн бойына телефон арқылы хабарласу жүзеге асырылады, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Марат Исмаилов.

Осылайша, келген студенттер карантинге орналастырылмайды, олар тек медициналық бақылауға алынады. Бұл ретте студенттерге жеке және қоғамдық гигиенаның барлық талаптарын сақтауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын қатаң ұстануға кеңес беріледі.

Өзгелердің жаңалығы