Нұр-Сұлтан жылыту маусымына дейін газға қосылады

4 Маусым 2020, 22:41
1180
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан жылыту маусымына дейін газға қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылыту маусымына дейін Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалалары ішінара газға қосылады.

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Елбасының қатысуымен өткен "Самұрық-Қазына" кеңесінің отырысында айтты.

Қазіргі уақытта ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Газды тарататын желілер салынуда. Нұр-Сұлтандағы ірі нысандардың көбі биыл газға қосылады. Сонымен қатар Теміртау, Қарағанды мен Жезқазған қалалары да ішінара газға қосылады. Яғни желі бойындағы ірі қалалардың бәрі де осы жылдың жылыту маусымында газды қабылдауға дайын отыр, – деді Мамин.

Елбасы тұңғыш рет оңтүстіктен солтүстікке осындай ірі газ құбыры тартылғанын атап өтті. 

Ондай ауқымды жұмыс бірінші рет іске асырылып отыр. Осы игі істің бәрі де халықтың пайдасына жарауы керек. Біріншіден Нұр-Сұлтан қаласының экологиясын түзесек, екіншіден, жұмыс қайнаған қалаларды газбен қамти отырып, адамдардың өмірін жақсарта түсеміз, – деді Елбасы.
Өзгелердің жаңалығы