Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

1 Сәуір 2020, 14:25
1225
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлады қала әкімдігі. 

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. 

Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады, - делінген ақпаратта. 

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны 24 адамды құрайды, оның 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында.
Өзгелердің жаңалығы