Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда карантин ұзартылуы мүмкін бе?
12 Тамыз 2020, 18:54 627

Нұр-Сұлтанда карантин ұзартылуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында Нұр-Сұлтанда қатаң карантинді ұзарту мүмкіндігі туралы айтты.

Бұл мәселе эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды, уақытылы қабылданған шаралардың, әсіресе карантиндік шаралардың және дәрігерлеріміздің күш-жігерінің арқасында динамика өте жағымды. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге өте мұқият дайындалып жатырмыз. Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялайды және карантиндік шаралар аяқталуына қатысты шешімді де білетін боламыз, - деді Көлгінов. 

Оның айтуынша, қала тұрғындарының басты қателігі – санитарлық нормаларды сақтамау.

Біз мұндай әрекеттерге жол бермеуіміз керек. Қоғамның әр мүшесі, қаланың әр тұрғыны санитарлық жағдайды мұқият сақтауы керек. Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропадағы жағдайды көріп отырмыз, бұл елдерде өлім-жітім көп болды. Қоғам осыдан сабақ алды. Себебі кәсіпорын, қызмет көрсету саласы, мейрамхана, сауда нысандары басшылары санитарлық нормаларды жақсы сақтай бастағанын көріп жүрміз. Біз күздік маусымға, жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) маусымына дайындалуымыз керек. Осы маусымда тәуекел артады, оны елемеуге болмайды. Біз бұл туралы ашықша айтамыз, қырағы болуымыз керек, - деп атап өтті әкім.

Көлгінов әкімдік қазір санитарлық нормаларды сақтау бойынша сауда орталықтарының өкілдерімен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, жабық орындарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Қалыптасқан тәжірибеге сүйене отырып, халық көп шоғырланатын орындардың жабық үй-жайларына кіруге мүлдем тыйым салынады. Бұл үшін жауапкершілік бар. Санитарлық нормалардың бұзылуына жол бермеу керек. Бұл үшін жауапкершілік осы сауда нысандарының әкімшілігіне түседі, - деді әкім.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...