Нұр-Сұлтанда МӘМС бойынша арнайы кеңес құрылады

11 Желтоқсан 2019, 00:43
2661
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда МӘМС бойынша арнайы кеңес құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын қадағалау мақсатында арнайы кеңес құрылады. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысына арналған жиында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма басшысының айтуынша, халық арасында МӘМС жайлы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

МӘМС-ті халық арасында түсіндіру жұмыстары бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, оның аясында 700 мыңнан астам ересек азамат қамтылды. Бұл дегеніміз елорда жұртының 98,5 пайызын құрайды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде МӘМС туралы 15 мыңнан астам материал жарияланып, 1 млн-нан астам түсіндірме парағы тұрғындарға таратылды. Сонымен қатар, алдағы 19 желтоқсан күні іKOMEK орталығы арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Және "Жанұя" отбасын қолдау ортылығында да МӘМС бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Тағы бір айтып өтетін жайт аталған жұмыс бойынша мониторинг жүргізу мақсатында біздің басқармада МӘМС бойынша кеңес құруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі сол бойынша арнайы бұйрық шығарумен шұғылданудамыз. Оның мақсаты – МӘМС бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысына мониторинг жүргізу, - деді С.Қисықова.

Өзгелердің жаңалығы