Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді

25 Наурыз 2020, 20:25
1785
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирустың таралуын болдырмауға арналған жедел штабтың шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі енді сағат 21:00-ден 19:00-ге дейін қысқарады.

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Ол Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 и 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды. Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

Бүгінгі күнге автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау 98%-ды құрайды. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген.

Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы