Нұр-Сұлтандағы ҰБТ: 200-ге жуық смартфон мен шпаргалка алынды

17 Қаңтар 2020, 14:20
2148
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы ҰБТ: 200-ге жуық смартфон мен шпаргалка алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бас қаладағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда, деп хабарлады Елорда Инфо.

 
Кішігірім, бірақ тез жеңіс. Күшейтілген бақылаудың жағымды нәтижелерімен тілшілермен бөлісудемін. Тестілеуге кірерде және оның өту барысында тыйым салынған заттардың (ұялы телефондар мен қағаз жазбалар) саны өткен жылғы ҰБТ-ның бірінші күнімен (қаңтар 2019) салыстырғанда 5094-тен 188-ге қысқарды, - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.
ҚР Білім және ғылыми министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ҰБТ 16 мен 20 қаңтар аралығында республика бойынша өтеді. ҰБТ-ға қатысуға 95 мың 440 адамнан өтініш келіп түсті. Ұлттық бірыңғай тестілеуді 99 ҰБТ өткізу пункті базасында өткізіледі және 820 аудитория пайдаланылатын болады.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсырылған ҰБТ нәтижелерімен ақылы түрде жоғары оқу орындарына түсуге болады, ал маусым айындағы тапсырылған тестілеу нәтижелерімен түлектер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шымкентте ҰБТ барысында 60-қа жуық оқушы емтиханнан шеттетілді.


Өзгелердің жаңалығы