Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанды газбен қамту кезең-кезеңімен іске асырылады
20 Қараша 2019, 12:32 436

Нұр-Сұлтанды газбен қамту кезең-кезеңімен іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласын газбен жабдықтау үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 2019-2021 жылда іске асады, яғни газды алғашқы қолданушылар келесі жылыту маусымынан бастап оны пайдалана бастайды. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Үкімет үйінде өткен брифинг кезінде айтты.

Жиын барысында ол, бірінші кезеңмен қаладағы Көктал-1, Көктал-2 және ауаны қаты ластайтын Юго-Восток, Железнодорожный ықшам аудандары, ТЭЦ-1 және ТЭЦ-3 келесі жылы газға қосылатынын айтты.

Сонымен қатар, ол екінші кезең 2021-2023 жылдар аралығында іске асырылатынын жеткізді.

Бұл кезеңде Восток және Юго-Вотсок газ бөлу пункттері іске қосылады, осылайша Интернациональный, Мичурин, Күйғанжар, Пригородный, Фэмели вилоч, Гордон вилоч ықшам аудандары мен халықаралық әуежай қазандығы газға қосылады. Ал, үшінші кезең 2023-2025 жылдар аралығында жүреді. Ол кезде Илинка, Өндіріс, Кірпіш зауыты ықшам аудандары және өзге де қазандықтар газға қосылады, - деді ол. 
Сөз арасында ол қаланы газға қосу оңай шаруа емес екенін, бұл бағытта жұмыс кестесі бекітіліп, сол бойынша жұмыс атқаратындарын айтты.
Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында министрлік осы жылдың соңына дейін газ құбырын Нұр-Сұлтанға жеткізу керек болатын. Министрлік бұл бағыттағы тапсырманы орындады десе де болады, - деді вице-министр.
Бұған дейін  ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Үкімет үйінде өткен брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласына жыл соңында газ берілетінін айтқан болатын.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...