Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою мәселелері талқыланды

30 Қыркүйек 2020, 17:14
3469
Бөлісу:
Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» талқылау бойынша азаматтық сектор өкілдерімен онлайн-конференция өткізді.

Атап айтқанда, талқылауға мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар, этносаралық қатынастар саласы мен адам құқықтарын қорғау жөніндегі белсенділер мен сарапшылар шақырылды.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Мажағұлов баяндаманы БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетте қорғауға дайындық  жұмыстары туралы ақпаратты атап өтті.

Қатысушылар онлайн-конференция барысында баяндама мазмұны бойынша сараптамалық пікірлері мен бағаларын білдіріп, ең маңызды мәселелерді қарастырды, баяндама мәтіні бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Сонымен қатар сарапшылар этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Өзгелердің жаңалығы